Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақында жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ерлан Ибраим қызметінен кеткен болатын. Енді, оның орнына Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Дмитрий Карпов келмек.
Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама бапкер тұрақтамай тұр. Маусым айына дейін бұл қызметті 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері Григорий Егоров атқарған еді. Одан кейін оның орнына 29 жастағы Ерлан Ибраим тағайындалған болатын. Бұл маман бір кездері қысқа қашықтыққа жүгірумен айналысқан. Бірақ спортшы ретінде жоғары жетістіктерге жете алған жоқ. Содан кейін "Қайрат" футбол клубында физикалық дайындыққа жауап беретін бапкердің қызметін атқарды. Осы жылдың ақпан айында жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры, маусым айында ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалды. Алайда Дохадағы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен соң, федерацияның атқару кеңесі Ерлан Ибраимды орнынан алып тастады.
ҚР жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембековтің айтуынша, 1 қарашадан бастап, Дмитрий Карпов ұлттық құраманың тізгінін ұстамақ. Ол осыған дейін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған.
Өмірбаяны:
Дмитрий Карпов – 1981 жылы 23 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік унивеситетінің денешынықтыру және спорт факультетін, 2008 жылы заң факультетін бітірген.
Мамандығы: жаттықтырушы және заңгер.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2004).
2003 жылы Италияда өткен жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-приде онсайыстан 8253 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды және Қазақстан мен Азияның рекордын жаңартты.
Сол жылы Сени-Дениде өткен (Франция) әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды және Қазақстан мен Азияның рекордын жаңартты( (8374 ұпай).
2004 жылы Афины Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды (8725 ұпай).
2004 жылы "Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
"Алтын лига" Гран-приінің қола жүлдегері (Франция, 2004 жылы); Халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері (Австрия, 2006, Германия, 2006).
2006 жылы XV Азия ойындарында онсайыстан топ жарды. 2007 және 2008 жылы Жапония мен Испаниядағы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі,