Алматы, BAQ.KZ. Токиода өтетін төрт жылдықтың басты додасына Алматы облысынан бүгінге дейін 11 спортшы лицензия ұтып алған.
Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері спортшыларымыз Азия, Әлем, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып, көк байрағымызды желбіретуде. XXXІІ жазғы Олимпиада ойындарында да спортшыларымыз Отанымыздың мәртебесін көтеріп, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сененміз.
Ұлттық құрама команда спортшылары Олимпиада ойындарына 25 спорттың түрінен бүгінгі күні 62 лицензия бар.
2021 жылы Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынатын турнирлер мен чемпионаттарда Алматы облысының спортшылары 11 лицензия ұтып алды.
Азия, Әлем чемпионаттарында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, олимпиадаға жолдама ұтып алған спортшылар:
• грек–рим күресінен - Асхат Ділмухамедов,
• ауыр атлетикадан - Зулфия Чиншанло,
• ауыр атлетикадан - Сон Игорь,
• велосипед спортынан (трек) - Сергей Пономарев,
• жеңіл атлетикадан (спорттық жүріс) - Айман Ратова,
• жеңіл атлетика (ядро лақтыру) - Иван Иванов,
• байдарка мен каноэде есуден - Светлана Усова,
• садақ атудан - Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин және 1 командалық жолдама қолда бар.
Сонымен қатар, 4 спортшы жолдама иеленуге үміткер болып табылады. Олар:
• тас жолдағы велосипед спортынан - Юрий Натаров, Данил Фоминых,
• жүзуден - Мария Федотова,
• садақ атудан - Фарида Түкебаева.