Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин басшылық қызметке тағайындалды

13 Маусым 2025, 19:22
860
Бөлісу:
 ҰОК
Фото: ҰОК

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының жаңа бас хатшысы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2016 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Дмитрий Баландин су спорт түрлері федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды.

Қазақстан су спорт түрлері федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдыңғы бас хатшы Сергей Дроздовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін конференция делегаттары Баландиннің кандидатурасын қолдаған.

Айта кетейік, Баландин – жүзу бойынша Олимпиада ойындарының жалғыз қазақстандық чемпионы.

Өзгелердің жаңалығы