Олимпиада-2026: Әмірғали Мұратбеков үздік 50-дің қатарына енді

Италияда (Милан-Кортина) өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары спорт сүйер қауымның назарын өзіне аударып отыр.

 ҰОК Кеше 2026, 18:48
Кеше 2026, 18:48
497
Фото: ҰОК

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан ерлер арасында 10 шақырымдық жекелей сын аяқталды. Қазақстан намысын үш спортшы қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан құрамасының өкілдері әлемнің үздік шаңғышыларымен бәсекеге түсіп, келесідей нәтижелер көрсетті:

  • Әмірғали Мұратбеков – 22:38.2 уақытпен 43-орын;
  • Виталий Пухкало – 23:25.9 уақытпен 57-орын;
  • Наиль Башмаков – 24:27.8 уақытпен 74-орын.

Бұл жарыста норвегиялық феномен Йоханнес Клебо тағы да теңдессіз екенін дәлелдеді. Ол 20:36.2 уақыт көрсеткішімен осы Олимпиададағы өзінің үшінші алтын медалін қоржынға салды.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • Алтын: Йоханнес Клебо (Норвегия) – 20:36.2
  • Күміс: Матис Делож (Франция) – 20:41.1
  • Қола: Эйнар Хедегарт (Норвегия) – 20:52.2

Қазақстандық шаңғышылар үшін Олимпиада ойындары жалғасуда. Алдағы күндері эстафеталық жарыстар мен марафондық қашықтықтар жоспарланған. Жанкүйерлер отандық спортшылардан жоғары көрсеткіштер күтеді.

Наверх