Ольга Булавкина төртінші Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

23 Қыркүйек 2024, 17:07
287
Бөлісу:
Ольга Булавкина төртінші Еуразиялық әйелдер форумына қатысты
Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина «Әйелдер сенім мен жаһандық ынтымақтастық орнату жолында» тақырыбы бойынша өткен төртінші Еуразиялық әйелдер форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға қатысушылар іргелі адами құндылықтарды, дәстүрлер мен мәдениетті сақтау, тарихқа құрметпен қарау, қалаларды дамыту, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Сенатор әйелдердің заманауи экономикалық саясатты қалыптастыруға қатысуы және жоғары технология салаларындағы әйелдердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерін де талқыға салды.

Форумға әлемдегі парламентші әйелдер, атқарушы билік органдарының, халықаралық ұйымдар, іскер топтар, бизнес, ғылыми қауымдастық, қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық жобаларының өкілдері, халықаралық әйелдер қозғалысының беделді қайраткерлері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы