Бас прокуратура: Олеся Кексель ешқайда кеткен жоқ

20 Қараша 2019, 13:06
6666
Бөлісу:
Бас прокуратура: Олеся Кексель ешқайда кеткен жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Парламент Мәжілісінің кулуарында бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісі бойынша пікір білдірді. 


Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу мен сотқа дейінгі тергеу оған толық баға береді. Сондықтан, бүгін ештеңе айта алмаймын. Адамның бұл әрекетте кінәлі не кінәлі емес екенін сот қана шеше алады. Осы фактілердің барлығы тексеріліп, оларға тиісті құқықтық баға беріледі. Бүгін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Соңғы шешім қабылданғаннан кейін барлық фактілер туралы хабардар боласыз. Тергеу барысы туралы айта алмаймын, - деді ол.  

Ол кәсіпкер Ерлан Набиевтің шағымы бойынша іс қана қаралып жатқанын айтты. 


Бүгін бұл факті ресми тіркеуден өтті. Кез келген заңсыз тергеу әдістері дәлелденер болса дәлел ретінде қабылданбайды. Сот мұның бәріне баға береді. Қолданыстағы қылмыстық заңнаманы бұза отырып алынған кез-келген дәлелдемелерді сот жарамсыз деп тануы мүмкін, - деді Ахметжанов.

Ол Кексельдің Қазақстанда екенін, Бас прокуратурадан өз еркімен жұмыстан кеткенін айтты. 


Өзгелердің жаңалығы