Олардың кінәсі емес. Депутат автобус парктерінің қарызы туралы айтты

29 Шілде 2022, 20:17
1537
Бөлісу:
Олардың кінәсі емес. Депутат автобус парктерінің қарызы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаты Бауыржан Жанғұнақов қоғамдық көлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында айтты.

Депутат тарифтердің мәселесін көтерді.

Осыған дейін біз 6 рет тариф мәселесін көтеріп талқыладық. Орташа тариф 169 теңге болды. Кейін тағы бір жиналыста 215 теңгеге дейін көтерілді. Сондай-ақ автобуста жол ақысын төлемейтіндерді ескеру керек. Олар 15-25 пайызды құрайды. Мысалы, 24 млрд-тың 25 пайызы 6 млрд теңгеге тең. Оның 3 млрд-ын жолаушылар төлесе, 3 млрд-ы бюджеттен төленеді,- деді ол.

Депутат атағандай, субсидиялау құнын 44 пайызға өсіруді сұрау көптік етеді.

Ондай қаржыны бюджет көтермейді. Сондай-ақ CTS компаниясына автобус парктері 28 млрд теңге қарыз дедік. Бұл автобус парктерінің кінәсі емес. Олар 2015 жылдан 2021 жылға дейін көтерілмеген субсидиядан төледі. Сондықтан қазір 300 теңгеге көтеріп, олардың жабуына мүмкіндік беруі керек,- деді ол.

Осыған дейін «City Transportation Systems» CTS жетекшісі  Ғани Тәжиев втобус парктері CTS «City Transportation Systems» ЖШС 28 млрд теңге қарыз екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы