Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Олар менің қалауыма көнді – Трамп өз саясатын мақтады

9 Сәуір 2025, 22:54
694
Бөлісу:
 Brandon Bell / Getty Images
Фото: Brandon Bell / Getty Images

Дональд Трамп АҚШ-пен сауда келісімдерін жасау үшін басқа елдердің өкілдері оның "артын" сүюге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ президентінің айтуынша, өзге мемлекеттер онымен келісімге келу үшін бәрін істеуге дайын.

Олар бізге хабарласып жатыр. Тіпті, менің "артымды" сүюге дайын. Олар келісімге келу үшін бәрін істемек. «Мен қолдан келгеннің бәрін жасаймын, сэр» деп хабарласуда, - деді Дональд Трамп.

Сондай-ақ, Дональд Трамп өз сөзінде тарифке байланысты келіссөздерді жүргізу өзінің ғана қолынан келетінін атап өтті.

Конрессмендер тариф туралы келіссөзге араласқысы келеді. Тыңдаңыздар, сіздер мен сияқты келіссөз жүргізе алмайсыздар. Егер Конгресс келіссөздерді қолға алатын болса, тез арада Американы сатыңдар. Әйтпесе, шашылып қаласыңдар. Мен бүгін ғана бірнеше конгрессменнің "бізге тариф туралы келіссөздерге қатысу керек шығар" дегенін естідім. Сендердің істеріңнен тек Қытайға ғана жақсы болады, олар 104 процент төлемейтін болады. Тіпті, ешнәрсе төлемейтін болады. Керісінше, біз оларға төлейтін боламыз. Міне, бұлардың берері осы ғана, - деді Трамп.

Өзгелердің жаңалығы