Олар халыққа соңына дейін адал қызмет етті – Жеңіс Қасымбек қаза тапқандар туралы

10 Қаңтар 2022, 10:33
1543
Бөлісу:
Олар халыққа соңына дейін адал қызмет етті – Жеңіс Қасымбек қаза тапқандар туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде Жалпыхалықтық аза тұту күні. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қайғылы оқиғада қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.

Бүгін Жалпыхалықтық аза тұту күні қаза тапқан бейбіт азаматтардың және өздерінің кәсіби борыштарын атқара отырып, қаза болған журналистер, дәрігерлер, өрт сөндірушілер, полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Олар халыққа соңына дейін адал қызмет етті, - деді облыс басшысы Facebook-тегі парақшасында.

Жеңіс Қасымбек қаза болғандардың арасында жерлестері Әділ Нүркенов барын жазды.

Қаза болғандардың арасында біздің жерлесіміз, Алматыда қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік органдарының капитаны Әділ Нүркенов бар. Әділдің отбасына барлық қажетті моральдық және материалдық қолдау көрсетілетін болады, - деп айтты облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы