Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

10 Ақпан 2021, 09:29
3783
Бөлісу:
Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың Музыкалық жас көрермен театры мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Ғашық-жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымын сахналады.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Аталған қойылымда автордың болмыс-бітімін, жан сарайын ашып көрсететін толғанысқа толы өлең-жырлар сахналанған. Туындының қоюшы-режиссері – Аман Ғұмаров. Мұқағали Мақатаевтың бейнесін театр актері Қазбек Есқара, ал досы Шәмілдің бейнесін Ерназар Жаңатілек және Асқар Жұмабеков сомдайды.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Сондай-ақ спектакльге театрдың барлық әртісі қатысты.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Бүгін – халқымыз үшін айтулы күн. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Бұл – поэзияның тойы, қазақ әдебиетінің тойы. Мұқағали – өз өлеңдері арқылы ұлттық поэзиямызды бір саты жоғары көтеріп, қазақтың қара өлеңінің үлкен құдіретін көрсеткен ақын. Өлеңдері жастың да, жасамыстың да көңілінен шығады. Мұқағалидың шығармашылығын және аруағын сыйлап, жаңа театрымызға жиналған қауымға алғысым шексіз, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенова. 

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Ол бұл туынды Музыкалық жас көрермен театрының үшінші қойылымы екенін атап өтті.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Бұл ғимараттың өзі ерекше. Біз – театрдың алғашқы спектаклінен бері келе жатқан көрерменбіз. Бүгін Мұқағали Мақатевтың өлеңдеріне, оның сөзіне жазылған әндеріне арналған кешке куә боламыз. Жалпы өлеңді адам не үшін оқиды? Адам өлеңді өзі тазару үшін оқиды. Адамның санасын, көңіл-күйін осы өлеңдей, ән-күйдей емдейтін, тазартатын құдірет жоқ шығар?! Ақын шығармашылығынан нәр алуға келген, әсіресе көп жастың келгеніне қуанамыз. Жастар ән-күймен сусындап, әдебиетімізді танып-біліп өссе, ел келешегі зор болады деген сенімдеміз, - деді Шәрбану Бейсенова. 

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Оның айтуынша, ақиық ақынның өнері өсиетке толы. Оны жас ұрпақ түсінуі тиіс. Сахналық қойылым Отан, махаббат пен достық, жақсылық пен жалғандық тәрізді түрлі тақырыптағы Мұқағали өлеңдерін арқау еткен. 

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Қойылымды тамашалауға ел алдында жүрген беделді тұлғалар мен билік өкілдері келді. Солардың бірі - мәдениет және спорт министрлігі атынан келген вице-министр Нұрқиса Дәуешов.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Әлемде өнерді сүйетін бірден бір халық – біз, қазақ елі. Сол ұлтымыздың ерекшелігі көзі тірі, өмір сүрген уақытта да, өмірден кеткен кезде де ұлы тұлғаларымызды ұмытпай, рухани қазынасын үлкен той қылып жасайтын халықпыз. Ақиық ақын Мұқағали атамыздың 90 жасы – бүкіл елдің тойы. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арнайы құттықтады. Өмірін өлеңмен өрнектеген атамыздың қалдырған мұрасы руханиятымызға азық болуда. Биыл Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен көптеген іс-шара жоспарланып отыр. Осындай мәдени шаралар біздің рухани әлемімізді байытады. Кеше ғана ашылса да, жаңа Музыкалық жас көрермен театры көпшіліктің көңілінен шығуда. Әрқашан қазақ мәдениетінің туы биікте болсын деген тілегіміз бар, - деп Нұрқиса Дәуешов ыстық ықыласын жеткізді. 

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Онымен бірге сахнада Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен сөз сөйледі.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Бүгінгі мәдениет күнінде қала әкімшілігінде зиялы қауым бас қосып, Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл қарсаңында атқарылатын іс-шаралар талқыланды. Әдебиет пен мәдениет саласында ата-баба бейнесі мен олардың еңбегін өскелең ұрпаққа ұғындырып беруді ел болып атқаруымыз қажет. Індетке байланысты қиындықтар болады, бірақ өнер ешқашан өлмейді. Сахнаны тамашалайтын азаматтар да толу керек, - дейді Бақтияр Мәкен.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Ол бүгінгі күнмен шектелмейтіндерін, мерейтой әлі де жалғасатынын айтты. 

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Жыл бойы өткізілетін жұмыс жоспары бар. Бүгінгі бастамамен Мұқағали шығармашылығын шарықтата берейік. Тек бір күн емес, бұл кісінің өлеңдері әр жыл сайын жадымызда жатталып қала беруі керек. Ел арасында ғана емес, шетелдік қандастарымыз да біліп, есте сақтап жүретіндей әлемдік деңгейде тойлануы қажет. Нұр-Сұлтан қаласында 74-мектепке Мұқағали атамыздың атын беруге ұсыныс берілді. Мектепке есімін беру қала тұрғындарына, мектеп оқушыларына бір серпіліс береді деген ойдамыз, - деп әкім орынбасары барша халықты ақынның мерейтойымен құттықтап жылы лебізін білдірді.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Қойылым басталмас бұрын айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі тарапынан руханиятқа ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтып, қаламгерлер атынан алғыс білдірді. Елорда төрінде Мұқағалидың еңселі ескерткіші тұрса деген ойымен бөлісті.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін әуреленген мұзбалақ Мұқағалидың дүниеден озғанына 45 жыл болыпты. Қазағын қалай сүйді, байтақ даласын жырлады, бәріне белгілі. Кеңестің кер заманына қарамай, ұлы Райымбекті, ұлы бабаларды жырлады. Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Бүгін - түрік дүниесі үшін тағы да поэзия күні, ұлы шайыр Әлішер Науаидің туған күні, оның 580 жылдығы. Мұқағали ақын да осы күні дүниеге келген. Мұқағали атамыздың ізін басып келе жатқан Ғалым Жайлыбай ағамыздың да туған күні екен, - деп поэзия күнімен құттықтауын жеткізді.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Қойылым мен оған дайындық барысы туралы туындының режиссері Аман Ғұмаровпен де сөйлестік. 

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Ол карантин уақытында театр әртістерінің халықпен қауышуды күткендігін айтты. Сонымен бірге әр адамның бойында әдеби әлем болатынын, жастардың жан дүниесіне өнер сәулесін ұялату қажеттігін атап өтті.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Спектакльге келген әрбір жан Мұқағалидың өлеңдерімен сусындайды, өнерпаздық таным-түсінікті қалыптастырады. Қойылымға дайындық қызу өтті. Қобалжу да болды. Мұқағали атамыздың өлеңдерін сахнаға шығару оңай нәрсе емес. Ең біріншіден, біздің әртістеріміз бен оркестрде отыратын жігіттерімізге алғысымды айтқым келеді. Осындай мүмкіндік берген жетекшіміз Асхат Маемировқа рахмет айтамын. Уайым да болды. Өйткені поэзияны сынайтын әртүрлі шығармашылық өкілдері бар. Бірақ ықшамына келтіріп, барлығын алып шықтық деп ойлаймын. Себебі бір ғана оқиға емес, бірнеше бағыттағы өлең сахналанды, - дейді режиссер.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Ол Мұқағали өлеңдері сан түрлі. Оны жеткізу 1 сағат 20 минутқа сыймайды. Яғни ол үшін тағы бір зерттеп, қопара түсу керек деп санайды. 

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Біз барынша бәрін қамтуға тырыстық. Қойылымды 3 блокқа бөлетін болсақ, біріншісінде достықты жақсы көретін Мұқағали бар, яғни жас Мұқағали. Содан кейін махаббат тақырыбына тоқталдық. Лирик Мұқағали. Одан соң патриот Мұқағали, неге десеңіз, әр адамның жүрегінде өзінің Мұқағалиы бар. Ақынның өміршең өнерін ашып көрсету – біздің мақсатымыз. Бағасын көрермендер бере жатар. Мұқағали өлеңдері жай ғана үстелдің үстінде жатпауы керек. Жай ғана қағазда жазылып қоюмен шектелмеуі тиіс. Өнерді жанына серіктес еткен әрбір жан ақиық ақынның әр өлеңімен дос болса екен дейміз. Мұндай поэзияның өшпеуіне себепкер болып, біз, жастар ақын шығармашылығын әркез дәріптеуге тырысамыз. Қазіргі таңда ұлтжанды жастарымыз барда Мұқағали өлеңдері мәңгілік! Менің ұғымымда ол ешқашан ұмытылмайды. Талантты ақын өлеңдері ұмытылуы мүмкін емес, - дейді қоюшы-режиссер Аман Ғұмаров.  

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Поэтикалық-музыкалық қойылымда қазақтың мұзбалақ ақынның «Есіңе мені алғайсың!», «Күн қайда», «Ана, сен бақыттысың», « Жапырақ жүрек жас қайың»,  «Отыздан асып барамын», «Құм ғана ауған», «Күрең күз», «Бақыт деген», «Сәби болғым келеді», «Қайран жеңгем», «Қазақстаным» шығармалары және одан басқа «Алтай-Атырау» поэмасы, сондай-ақ «Бақыт деген не өзі?!», «Шыда, шыда», «Сүйеді екем», «Шәміл-ау», тағы басқа поэзиялары оқылды.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Елімізде орын алып отырған пандемия жағдайына байланысты Музыкалық жас көрермен театрында барлық санитарлық талап сақталды. Осы тәртіпте «Ғашық-жүрек» музыкалық поэтикалық қойылымы 10, 11 ақпанға дейін жалғасады.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Спектакль соңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан арнайы құттықтау гүл шоғы табысталды.

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды

Раушан АРМАНҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы