Атышулы сотта шымкенттік көріпкел сотталушы экс-министр Қуандық Бишімбаевпен не туралы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бір рет ол "ол (еск - Нүкенова) өзіне келеді, қандай жедел жәрдем" деді. Ол маған мас күйінде қоңырау шалды. Бірнеше рет звондады, мен телефонды көтермедім, - деді көріпкел.
Прокурор Айжан Аймағанова шымкенттік көріпкел мен Бишімбаевтың 15, 25 және 43 секундтай уақыт бірнеше рет телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Ол үнемі "оның жағдайы қалай?" деп сұрады. Мен жедел жәрдем шақырыңдар, дәрігерге барыңдар деп айттым. Сол кезде ол қоңырауды үзе салды. Бір сөзін үнемі қайталай берді, - деді ол.
Мемлекеттік айыптаушы телефонмен сөйлескенде Бишімбаев Нүкенованың жағдайын қалай сипаттағанын сұрады.
Басында оның ұйықтап жатқанын айтты. Демалып, қорылдап жатыр деді. Мен жедел жәрдем шықырыңдар дедім. Ал, ол қайта-қайта өз сөзін айта берді. Маған ол қозғалмай жатыр, тұрып тамақ та жемейді, тек жатыр деп айтты, - деді куәгер.
Бұған дейін шымкенттік көріпкел Бишімбаевқа тағы не айтқаны туралы жазған едік.