Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының 16-турында «Оқжетпес» өз алаңында «Атырауды» жеңді. Бұл ойын 3:0 есебімен аяқталды.
Көкшетаудағы ойында Талдықорғаннан келген төреші Денис Измайловтың қабылдаған шешімдері күмән тудырады. Алдымен, қонақтардың соққан голын есепке алған жоқ. Одан кейін «Атыраудың» қақпасына пенальти белгіледі.
Жалпы, қалай болғанда да «Оқжетпес» ірі есеппен жеңіске жетті. Матчта үш гол соғылды. Сөйтіп, жетінші орында тұрақтап тұр.