Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йоркте коронавирусқа қарсы оқушыларға вакцина салына бастады, деп хабарлады 24.kz.
Оған шаһарда дельта штамының ушығуы себеп болып отыр. Салдарынан осы елдің Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы оқу орындарында маска тағып жүру тәртібіне өзгеріс енгізген. Жаңа талапқа сай вакцина салдырмаған азаматтар жабық ғимараттарда маска тағып жүруі тиіс. Салдарынан оқу орындары мұғалім және қызметкерлермен бірге оқушыларды да вакциналауды қолға алған.Мен коронавирусқа қарсы вакцина салдыру арқылы ата-анам мен туыстарыма екпенің еш қаупі жоқ екенін дәлелдегім келді. Керісінше, екпе мені жұқпалы кеселден қорғап, достарымның арасында өзімді қауіпсіз сезінетін боламын, – дейді оқушы Ариэль Куеро.