Оқушыларға арналған «Самғау» бизнес-фестивалі басталды

25 Қыркүйек 2021, 14:48
2540
Бөлісу:
Оқушыларға арналған «Самғау» бизнес-фестивалі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің 25-26 күндері «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында жыл сайынғы жастарға арналған «Самғау» бизнес-фестивалі алтыншы рет өтеді. 

«Самғау» мектеп оқушылары мен студенттерге іскерлік дағдыларды үйрету және әлеуметтік салада бизнесті бастау үшін пайдалы болатын көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатында құрылған. Табысты кәсіпкерлер мен үздік бизнес-тренерлер онлайн-фестиваль қатысушыларына минималды бюджетпен стартапты дамыту туралы және кәсіпкерліктің басқа аспектілері туралы айтып береді.

Сонымен қатар, фестивальде қазіргі жастардың құндылықтары, мақсаттары мен болашаққа көзқарасы туралы Қанат Бейсекеевтің «Atyrau Jastary» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.

Фестиваль қатысушылары BRO Glasses негізін қалаушы Данияр Шайкемелов, кәсіпкер және нетворкинг-маманы Мерей Мұстафина, «Asar-ume» қайырымдылық жобасының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, JKS Entertainment жетекшісі Бексұлтан Қазыбек пен The YOLO House продюсері Азат Халимов сияқты спикерлердің семинарларына қатысуға шақырылады. 


Өзгелердің жаңалығы