Оқушылардың 87 пайызы сауықтыру шараларымен қамтылады

31 Мамыр 2021, 17:04
3311
Бөлісу:
Оқушылардың 87 пайызы сауықтыру шараларымен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.

Оның айтуынша, елімізде Үкімет бекіткен балалардың жазғы уақытындағы каникулын жүйелі ұйымдастыру, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс қимыл картасы бар. Оқушылардың жазғы каникулын ұйымдастыру соның аясында жүзеге асырылады.

Министрлік кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың рөлін өңірлік деңгейде нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Осы орайда бүгінгі күні өңірлерде екі мыңға жуық психологиялық қызмет жұмыс істейді. Оларға он бір мыңнан астам маман тартылған, - деді ол.

Оның айтуынша, биыл бірінші және оныншы сынып аралағындағы 3 миллион 317 мың оқушысы жазғы каникулға шықты.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 13 мың сауықтыру алаңдары дайын, 235 қала сыртындағы лагерьлер балаларды маусымдық қабылдауға әзір. Санитарлық нормаларды сақтай отырып екі миллионнан астам баланы немесе оқушылардың жалпы санының 87,7 пайызын сауықтыру көзделген. Оның ішінде бес жүз мыңы әлеуметтік осал топқа жататын оқушылар, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы