Оқу жылы басталғалы қанша мұғалім мен оқушы вирус жұқтырды?

17 Қараша 2020, 14:13
2638
Бөлісу:
Оқу жылы басталғалы қанша мұғалім мен оқушы вирус жұқтырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.

Оқу жылының басынан бастап 2020 жылдың 16 қарашасына дейін кезекші сыныптарда білім алушылар арасында коронавирустық инфекцияның 302 жағдайы, коронавирустық пневмонияның бір жағдайы тіркелді. Қазір 456 бала ем алып жатыр, - деді комитет төрайымы. 

Онлайн брифинг барысында ол жыл басынан бері қанша мұғалім коронавируспен ауырғанына тоқталды. 

Оқу жылының басынан бері жалпы республика бойынша мектеп қызметкерлері арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 241 жағдайы тіркелді. 241 жағдай – бұл барлық 17 аймақтағы мұғалімдер арасындағы жағдай. Кәсіби қатыстылығына қарамастан әрбір жағдай жеке зерттеледі, байланыс жасағандар белгіленеді және вирус анықталған ошақтарда эпидемияға қарсы барлық шара жүргізіледі, - деді ол. 

Бұған дейін ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова қашықтан оқу форматында білім алып жатқан оқушылар компьютерлермен қамтамасыз етілгенін мәлімдеген болатын

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари әлеуметтік желілерде қашықтан оқыту форматына байланысты мұғалімдер жалақысы қысқарған деген ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.


 


 


 


 

Өзгелердің жаңалығы