Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атылды

26 Маусым 2021, 19:28
7619
Бөлісу:
Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

26 маусым күні сағат 12.20-да «Алматы-Өскемен» автожолы, «Арқарлы» асуы учаскесі маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жанжал шығып, автокөліктегі белгісіз біреулер  қарудан Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков  отырған автомашинаға оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлады полициядан.
Атыс кезінде ешкім зардап шекпеген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жасырынған адамдарды анықтап,  ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы