Обухов кен орны бойынша аукцион өтеді

6 Наурыз 2024, 09:22
242
Бөлісу:
Обухов кен орны бойынша аукцион өтеді
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Министрлік Обухов кен орны бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Электрондық аукцион мына мекен-жай бойынша өткізіледі: e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы.

Электрондық аукционның өткізілу күні, орны және уақыты – 2024 жылғы 15 мамыр, сағат 16:00-де (Астана уақыты бойынша).

Электрондық аукционға қатысу өтінімдер беру мерзімі – 2024 жылғы 26 наурызда сағат 9:00-ден бастап 25 сәуір сағат 18:30 дейін (Астана уақыты бойынша) мына мекен-жайға жіберіледі: e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы.

Электрондық аукционның негізгі шарттары мен жер қойнауы учаскелерінің аумақтары туралы ақпаратты министрлік сайтына кіріп, біле аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы