Ақтөбе облысында соңғы індет жұқтырған науқастар кеше Ресейден келген

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы&nbsp;Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 7 адам туралы ақпарат таратты. </p> </h4> <p> </p> <blockquote> </blockquote> <br>

 23 Сәуір 2020 2020, 11:49
23 Сәуір 2020 2020, 11:49
1556

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 7 адам туралы ақпарат таратты.

Олар 42 жастағы әйел адам және 39, 37 жастағы ер азаматтар — Ақтөбе облысының тұрғындары. Карантиндік стационарға жатқызылған. Олардың бәрі 22.04.2020 жылы "Жайсаң" санитарлық-карантиндік бекеті арқылы РФ Мәскеу қаласынан келген. Атырау қаласынан автокөлікпен келген 36 жастағы әйел адам  карантиндік стационарға жатқызылды. Сондай-ақ, 45, 37 және 36 жастағы ер адамдар Орынбор қаласы арқылы Ресейден келген. Олар — Түркістан облысының азаматтары. "Жайсаң" санитарлық-карантиндік бекетінде олармен сауалнама жүргізіліп, байланыссыз термометрия жасалды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 диагнозын нақтылады - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық. Азаматтармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 34 адам бар.

Наверх