Ақтөбе облысында дәстүрлі емес шаруашылық түрі қарқынды дамуда

6 Ақпан 2020, 17:56
1969
Бөлісу:
Ақтөбе облысында дәстүрлі емес шаруашылық түрі қарқынды дамуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл сала бойынша биылғы жылы тағы қосымша 70 шаруашылық ашылады деп жоспарлануда, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Жылдың қорытындысы бойынша дәстүрлі емес шаруашылық түрлерімен облыста сүтті бағыттағы ешкі өсірумен - 65, бал арасы – 19, үй қояны – 42, бөдене – 63, марал шаруашылығы – 1, қаз – 71 және үйрек бағумен – 103 шаруашылық пен үй ауласы айналысуда.
Былтыр дәстүрлі емес шаруашылықтармен айналысатын қосымша 101 шаруашылық пен үй аулалары қосылды. Осы саладан 32 тонна ара балы, 241,5 тонна ешкі сүті, 6,5 тонна қоян еті, 3,2 млн дана бөденежұмыртқасы, 160,0 тонна құс еті өндірілді. Көрсеткіштер бойынша 2018 жылдың  қаңтарымен салыстырғанда ешкі басы 7,0%, бал арасының омарта саны 3,4%, бөдене 10,1% және қоян 26,1 есеге өсуі байқалады. Биыл облыста 70 дәстүрлі емес шаруашылықтар ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда шаруашылықтар мен жеке тұлғалар несие алу мақсатында қаржы институттарына құжаттарын рәсімдеп жатыр, - дейді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.

Өзгелердің жаңалығы