Облыс тұрғындары тұтынатын азық-түліктің 80% өңірде шығарылады

31 Мамыр 2023, 12:24
1311
Бөлісу:
Облыс тұрғындары тұтынатын азық-түліктің 80% өңірде шығарылады
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Ертіс өңірі халқының жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Сала мамандарының хабарлауынша, өңірде 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жоспар жүзеге асырылып жатыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Ақтаевтың мәліметінше, аймақта өткен жылы 100 млрд. теңгенің азық-түлігі өндірілген. Өнімдердің қатарында макарон, шұжық өнімдері, жарма және тағы басқа тауарлар бар.

Өңір өзге облыстардан әкелінетін күріш, қант, тұзты қоспағанда жергілікті жерде өндірілген негізгі азық-түлікпен қамтылған. Ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу және жергілікті нарықты отандық өніммен қамту мақсатында 108 дайындау пункті және 251 қайта өңдеу объектісі жұмыс істейді. Халықты өсімдік шаруашылығы тауарларымен қамту үшін биыл егістік алқаптарының көлемі 1 млн. 618 мың гектарды құрайды деп болжануда. Мемлекет басшысының суармалы жерлер көлемін кезең-кезеңмен ұлғайту мақсатында осындай алқаптар көлемі 150 мың гектардан асты, - дейді Марат Ақтаев.

Ал халықты мал шаруашылығы өнімдерімен қамту мақсатында биылғы жылғы меже нақтыланды. Бір жылда 438 мың тонна сүт, 113 мың тонна ет, 239 мың дана жұмыртқа шығарылады деп жоспарланған.

Облыста ішкі нарықты әлеуметтік тауар өнімдерімен қамту бойынша жүйелі іс атқарылуда. 2022-2023 жылдар бойынша 20 мың тонна картоп пен 5 мың тонна картопты сақтау жоспарланған. Көкөністер фермерлік базарда саудаланады. Бұл – дәстүрлі шара. Облыстың сақтандыру қорында құны 2,2 млрд. теңге болатын 9,2 мың тонна азық-түлік бар. Жыл басынан бері 160 млн. теңгенің өнімі сатылды, - дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, әлеуметтік бағамен азық сатылатын 300-ге жуық дүкен бар. жалпы, жергілікті негізде шығарылған азықпен қамту мақсатында қайта өңдеу нысандары ашылып жатыр. Мәселен, бұған дейін 15 көкөніс сақтау орны ашылды. Үстіміздегі жылы сыйымдылығы 65 мың тоннаны құрайтын тағы алты объект іске қосылады.

Өзгелердің жаңалығы