"Облыс орталығы ыстық сусыз отырғаны – үлкен сын": Қызылордаға ыстық су қашан келеді

Бүгiн, 14:02
239
Бөлісу:
"Облыс орталығы ыстық сусыз отырғаны – үлкен сын": Қызылордаға ыстық су қашан келеді
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ брифингіндегі БАҚ өкіліне жауабында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облысымыздың орталығы – ыстық сумен қамтамасыз етілмеген бірден-бір облыс. Көп жыл бойы бұл – қала халқының арманына айналған жоба. Өткен жылы 10 қазанда Мемлекет басшысы арнайы іссапармен біздің өңірге келді. Сол кезде Мемлекет басшысына жерлестерімнің ыстық су бойынша өтінішін жеткізген болатынмын. Ол кісі бірден Үкіметке тапсырма берді, шешім қабылдады. “Мынадай кезде облыс орталығы ыстық сусыз отырғаны – үлкен сын” деп, - деді ол.

Биыл Үкімет Қызылорданы сумен қамтуға резервтен 11 млрд теңге қаражат бөліпті.

Қаражат бөлінген күннің өзінде 1 жылда оны атқару мүмкін емес. Негізі жоба құны 26 млрд 200 млн теңге. Біз қазір 11 млрд қаражатты меңгердік. Осы жылы қаладағы көпқабатты үйлердің 50 пайызға жуығы ыстық суды тұтынуға мүмкіндік алады. Алғашқыларына ыстық су беріліп жатыр. 624 көпқабатты тұрғын үй ыстық суға толығымен қосылады. Келесі жылы қалған үйлерді ыстық сумен қамтамасыз етуге Үкімет резервінен 16 млрд теңге қаражат бөлінеді, - деді ол.

Әкім келесі жылдың жылу маусымына дейін Қызылорла облысы орталығы Қызылорда қаласы толық ыстық сумен қамтамасыз етілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы