Ақтөбе облысы, BAQ.KZ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналармен кезекті рет кездесті. Жетпіс белсенді ана мен әйелдер қауымы қатысқан кездесу «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әлеуметтік саланы дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру сұрақтары басым болып қала береді. «Ашық есік күндері» акциясы барысында 6 мыңнан аса ақтөбелік қабылданды. Олардың атаулы әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін ұлғайту, баспана алу, жер телімдері және т.б. сұрақтар қызықтырды. Шамамен мың жарым сұрақ шешімін тапты. Ешбір мұқтаж азамат көмексіз әрі қолдаусыз қалмайды. Осы мақсатқа адамның нақты қандай көмекке мұқтаж екендігі, оның табысы, осал тұстары туралы барлық ақпарат көрсетілген әлеуметтік карта жалады. Сондай-ақ, проблемаларды қарау басымдығы да анықталатын болады. Сол үшін біз көмек көрсету шешімін қабылдайтын арнайы қоғамдық комиссия құрамыз,- деді облыс әкімі.
Өңір басшысы барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдап, көпбалалы, табысы төмен отбасылар мен аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін облыстық деңгейде әзірленген әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы баяндады.
Биылғы жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларға берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек көлемі 70 мыңнан 140 мың теңгеге дейін көбейді. Мектепке дейінгі мекемелерде аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тамақтану төлемі 70 пайызға төмендеді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың 100%-ы тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобынан 3 мың азамат кәсіби оқытуға жіберіледі. Осы топтағы 5 мың адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылады.Сонымен қатар, биліккөп балалы отбасылар үшін тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаны субсидиялаудың жаңа шараларын енгізіп жатыр.
Әлеуметтік салаға кететін жыл сайынғы шығынның облыс бюджетінің кемінде 50 пайызын құрайтынына қарамастан, жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асыруға кемінде 1 млрд теңге бөлінеді.
Бұдан басқа, көпбалалы, табысы төмен отбасыларды қолдауды әрі қарай күшейту мақсатында облыс әкімдігі орталық мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныстар тастады. Жалдамалы пәтер құрылысының көлемін арттыру, мемлекеттік әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде бірінші және екінші топтағы мүгедектік, көпбалалы және студенттік жәрдемақыларды ескермеу; бала күтімі жәрдемақысын 2-3 жылға дейін ұзарту; көпбалалы отбасылар үшін салық жеңілдігін енгізіп, көпбалалы аналардың жұмыс күнін қысқарту; отбасылар тұрғын үй кезегі кезінде уақытша тұру үшін МЖС негізіндешағын отбасылар жатақханасын салу; күнкөріс деңгейін өсіру ұсынылып отыр.
Облыс әкімі көпбалалы отбасылар мәселесінің назарсыз қалмайтынына сендірді. Олардың осы және алдыңғы кезедсулерде айтқан барлық ұсыныстары мен өтініштері, басқа байланыс құралдары арқылы түскен жүгінулері сияқты қатаң бақылауда болады. Көмек мүмкіндігінше әрбір отабсыға көрсетілетін болады.
Айта кетейік, жақында Ақтөбе облысында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Ашық есік күндері» ауқымды акциясы аяқталды. 11-21 ақпан аралығында жергілікті мемлекеттік органдардың, облыстық басқармалардың, құқыққорғау органдары мен коммуналдық қызметтердің басшылары мен мамандары 6 мыңнан астам адамды қабылдады. Азаматтарды қабылдау Ақтөбеде және облыстың әрбір ауданында өтті. Сұрақтардың дені жедел түрде күн тәртібінен алынып тасталып жатты. Осылайша, 1426 сұрақ оң шешімін тауып, 4292-сіне түсіндулер мен кеңестер берілді, 310 жүгіну шешілу үстінде.
Аса мұқтаж отбасылармен жұмыс жасау үшін өңірде құрамына депутаттар, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері кіретін мобильді топтар жұмыс жасайды. Олар жүгінген кісілердің тұрмыс жағдайымен танысып, отбасыға нақты қандай көмек көрсету керектігін бағалау үшін мекенжайларына барады.
Атап айтқанда, 87 адамға жұмысқа орналасуға, 387 адамның атаулы әлеуметтік жәрдемақысын алуға, 157 ақтөбелікке түрлі медициналық көмектер көрсетілді, 46 оқушы мен мектепке дейінгі мекемеге баратын бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, сегіз студенттің ЖОО мен АООО-дағы оқу ақылары төленді және т.б.
Жалпы, акцияны жүзеге асыру кезеңінде 782 отбасыға жалпы сомасы 44,7 млн теңгеге түрлі көмектер көрсетілді.
Кездесу соңында үш анаға пәтер кілттері табыс етілді. Ақтөбелік кәсіпкерлердің қолдауымен екі бала тәрбиелеп отырған екінші топтағы мүгедек Шолпан Әбетоваға, жалғызбасты ана Гүлпаран Байбосыноваға және алты баланың анасы Алтынгүл Кәрібаеваға баспана тарту етілді. Көмекке мұқтаж жиырма келіншекке «Анвар» және «Дина» сауда желілерінен сауда жасау үшін 25 мың теңгенің сертификаты берілді. 17 әйел «Зәру» және «Шипагер» шипажайларында демалу үшін тегін жолдама алды.