Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

28 Қазан 2021, 18:16
31717
Бөлісу:
Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қазан, бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өңір басшысы Ақтөбе қаласында Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарды қарап шықты.

«М.Стиль» ЖШС-нің өзі желімденетін этикеткалар мен иілгіш пленка қаптамаларын шығаратын цехы 19 жылдан бері жұмыс жасайды. Осы жылы кәсіпорын құны 600 мың еуро тұратын соңғы буынды итальяндық құрал-жабдықтар сатып алынды. «Даму-Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие түріндегі қаржылық қолдау көрсетілді. 

Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

«Жаңа құрал-жабдық өндіріс сапасын жақсартып, өндіріс жылдамдығын екі есе өсіруге мүмкіндік береді. Біз екінші рет мемлекет қолдауының арқасында материалдық-техникалық жағынан жарақтанып отырмыз – бес жыл бұрын сол кездегі үздік жапон техникасын сатып алғанбыз. «Даму» арқылы жұмыс жасаған қолайлы, бұл дегеніңіз, алдымен пайызы төмен, сонымен қатар, кепілге мүлік қоймауға болады»,- деді цех басшысы Меңдіғали Жұмағұлов.

Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

Мұнда 25 адам жұмыспен қамтылған. Негізгі клиенттер – азық-түлік, фармацевтикалық және басқа да өнімдерді өндірушілер. Негізгі өткізу нарығы – Ақтөбе облысы. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Шымкенттен де ірі тапсырыс берушілер бар. Сондай-ақ, өңір басшысы жеке кәсіпкер Жанат Бекбауованың  еттен дайындалған жартылай өнімдерді шығаратын цехының қызметімен танысып шықты.  

Цехтың жобалық қуаттылығы – айына 3 тонна өнім шығарады. Мұнда 18 адам жұмыс істейді. 

«Даму-Өндіріс» бағдарламасы, «Бизнестегі әйел» бағдарламасы сияқты өндірістің қалыптасу кезеңдерінде біз үшін күшті серпін болды. Мемлекеттің жан жақты қолдауының арқасында бүгінде аяққа нық тұрмыз, - деді Жанат Бекбауова.
Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

Ол сондай-ақ, өңір басшысынан консервіленген және шұжық өнімдерінің қосымша желісін ашуға мүмкіндік беретін мал сою цехына жер телімін беруін сұрады.

Оңдасын Оразалин қала әкімі Асхат Шахаровқа осы сұрақты шешуін тапсырды.

«Акватория» ЖШС суды тазартатын модульді қондырғылар мен жылыту пункттерін шығарады. Өндіріске салынған инвестиция көлемі 1,2 млрд теңге. Мұнда жылына 300 қондырғыға дейін шығаруға болады. 48 адам жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

Кәсіпорын басшылығы облыс әкіміне тұрғын үйлердегі судың қарбалас уақыттардағы төмен қысымына, сонымен қатар, жылу беруді реттеуге байланысты проблемалардың шешіледі деп жоспарланған жобаларымен таныстырды.

Балаларым мектепке барады, олар мектепте ыстық екенін айтады. Қатты қыздыру - жылыту маусымындағы негізгі проблема. Қызмет жеткізушінің әр нысанның қызуын жеке-жеке реттеп отыратын мүмкіндігі жоқ. Ұсынылып отырған жүйе бұл сұрақты шеше алады. Жылу беру жағы әр ғимарат бойынша жеке-жеке реттелетін болады, бұл жылуға кететін шығынды 50% үнемдеуге мүмкіндік береді, - деді ЖШС басшысы Дмитрий Шрамко.
Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады
Осыны мемлекеттік  мекемелерге, мектептерге және балабақшаларға енгізуді ұсынып жатырмыз. Біздің есеп бойынша бұл жоба, жылуға төленетін ақшаны үнемдеудің арқасында, екі жылыту маусымының ішінде өз құнын ақтайды. Бұдан бөлек, бұл экологияға оң әсерін тигізеді, өйткені, газ шығыны мен қоршаған ортаға лақтырылған қалдықтар көлемін төмендетеді, - деп атап өтті. 
Бұл жоба бюджет қаражатын, электр энергиясын үнемдеп, жалпы, жасыл экономиканың бізге қойған міндеттерін шешіп береді. Оны қолдау керек. Бұдан тұтынушы мен коммуналдық қызметтер ұтады, - деген өңір басшысы жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

Оңдасын Оразалин үш ауысымда оқыту проблемасын шешкен №23 мектепке жапсарластырып салған құрылысты қарап шығып, мектеп маңайындағы аумақты абаттандыруға көңіл бөлуді тапсырды. 

№23 мектепте 2400-ден аса бала оқиды, ал ғимарат бір ауысымда 800 баланың келуіне арналған. 

Облыс әкімінің тапсырмасымен бір ауысымда 500 орынға арналған қосымша корпустың құрылысы басталды. Осылайша, мектеп екі ауысымдық оқуға көшті. Жаңа корпуста 26 оқу кабинеті мен спорт залы бар. Ол да заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жарақтанған. 

Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

Айта кетейік, осы жылдың басында облыс бойынша үш ауысымда оқып жатқан 9 мектеп бар болатын, жұмыс жасап тұрған мектептерге қосымша ғимарат салынып, жаңа мектептер ашылса жыл соңына дейін олардың саны төртке дейін азаяды.

Оңдасын Оразалин сыныптарды қарап шығып, оқушыларға мықты денсаулық пен сабақтарын жақсы оқып, елінің лайықты азаматтары болып өсуді тіледі. 

Өңір басшысы Қурайлы тұрғын үй алабында болып, су, электр және газ желілерінің екінші кезегінің құрылыс барысымен танысты. Тұрғын үй алабын коммуналдық дүниелермен қамтамасыз ету үшін мемлекет 336 миллион теңгеге жуық қаражат бөлді. Оңдасын Оразалин жобаларды биылғы жылдың қараша айында аяқтауды тапсырды. 

Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

Бұдан өзге, Қурайлыда облыс әкімі футбол алаңын қарады. Оған футбол мектебіне барып жүрген елу бала дән риза. Алаң ашылысымен балалар жабындысы жақсы, жабдықталған алаңда футбол ойнай алатын болды. 

Облыс әкімі жас футболшылармен әңгімелесіп, олардың оқудағы және спорттағы жетістіктеріне қызығушылық танытты, спортқа қажет құрал-саймандар тарту етті. 

Оңдасын Оразалин: «Барлық бастамаларың жеңісті болсын»,- деп тілегін білдірді. 

Бізге нағыз керегі осы. Көгалы жақсы, алаңы қолайлы, сынап көрдік. Осы үшін және жалпы футболды дамытқаныңыз үшін рахмет. Біздің «Ақтөбе» клубымыз қалай дамып жатқанын көріп жүрміз. Осындай балалардан да болашақ чемпиондар шығады деп ойлаймын. Әрі қарай да қолдайтыныңызға сенеміз,- деді Қурайлы футбол клубының негізін салушы Дамир Шарупов.
Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

Жергілікті ақсақалдар балаларына қамқорлық көрсетіп, тұрғын үй алабын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз еткені үшін алғыстарын білдірді.

Ақтөбеде көпқабатты үйлердің аулаларының аумағын жөндеу жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. Облыс әкімі Тұрғындар қалашығы ауданының Тургенев көшесіндегі жұмыстардың барысымен танысып шықты. 

Облыс әкімі жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралады

Биыл қазан-қараша айларында «ИнформСтройСервис» ЖШС мердігер мекемесі Тұрғындар қалашығында жалпы алаңы 28 мың м2-ден асатын барлығы 32 ауланы жөндейтін болады. олардың қатарында Тургенев көшесінен 11 аула мен №19 мектептің көлік тұрағы бар.

Айта кетейік, былтыр сол аулаларда балалар алаңдары орнатылған еді, биыл аулаларға асфальт төселді, көлік тұратын орындар жасалды. 

Жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығында 220 аула жөнделіп, 67 балалар алаңы орнатылады.

Өзгелердің жаңалығы