Облыс әкімі Тараздағы бірқатар нысанның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2022, 21:10
986
Бөлісу:
Облыс әкімі Тараздағы бірқатар нысанның жұмысымен танысты

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, жай-күйімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аймақ басшысы алдымен «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің панелді тұрғын үйлер құрылысы комбинатында болып, жұмысына қанықты.  Кәсіпорын темір-бетон бұйымдарын, нақтырақ айтқанда су шаруашылығына қажетті каналдар, көпірлер, мелиоративтік лотоктар мен жеке құрылыс жүргізуге және қабырға панелдерін, арақабырғалар (перегордки) шығарумен айналысады.

Комбинат базасында өткен шағын кеңесте «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің әлеуетін кеңінен пайдалану, панелді технологиясының тиімділігі мен мүмкіндігін мектеп салуда да қолданып көруге ұсыныстар айтылып, жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.

Бұдан соң облыс әкімі Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіне барды. Оқу ордасының қызметімен, педагог құрам мен студенттердің жетістігімен танысты.

Колледж ғимаратының А корпусы сонау 1920 жылы бой көтерсе, Б корпусы 1974 жылы салынған. Бүгінде ғимараттың тозығы жеткендігі байқалады десек, оны келер жылы күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, аймақ басшысы «Повстянко Григорий» жеке кәсіпкерлігінің матрас, есік өндіру цехында болып,  жұмыстарына сәттілік тіледі.

Нұржан Нұржігітов «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатына» да арнайы ат басын бұрды. Жобалық сыйымдылығы 40 оқушыны құрайтын оқу орнында 200 бала білім алуда.

Лицей-интернатын кеңейтуге қатысты құрылыс-жобасымен танысқан облыс әкімі жоба құнының қымбаттығына назар аударып, оны қайта қарау керектігін ескертті, ал жұмыстарды келер жылдан кешіктірмей бастау бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы