Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 17 000 оқушы 40 мың теңгеден көмек алады және оны алу үшін ата-ана мектепке өтініш жазуы қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты.
Өткен жылы бір балаға 30 мың теңге көлемінде сертификат түрінде 12 690 бала көмек алды. Биыл әлеуметтік төлем көлемі бір оқушыға 40 мың теңгеге ұлғайды. Ал көмек алатын балалар саны 17 000. Ата-аналардың көмек көрсету қызметтерін жақсарту бойынша ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып, "Атамекен" ҰКП бірігіп, балаларды жеке көлік карталарын қолдануы арқылы жаңа жүйе дайындадық. 40 мың теңге баланың көлік картасына 40 мың бірлік көлемінде толтырылады. Ата-ана тауарды таңдап, сатушыға баланың көлік картасын ұсынады. Сатушы арнайы бағдарлама арқылы таңдалған тауардың ақысын баланың көлік картасынан бірліктер ретінде алады, - дейді Шолпан Қадырова.Әлеуметтік көмек қозғалысы жеке кабинетте қадағаланады. Бұл қаражаттың ашықтығы мен мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді. Қадырованың сөзінше, өткен жылы өнім сапасы мен ассортиментке қатысты сын жиі айтылған. Сондықтан олар "Атамекенмен" бірлесіп, қатысушы компаниялар мен сауда орындарын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізген.
Егер өткен жылы 10 компания мен 16 сауда орны болса, биыл 16 компания мен 27 сауда орны болады. Қазіргі уақытта мектептерде балалар деректерін автоматтандырылған жүйеге енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпыға міндетті орта білім беру қорынан көмек алу үшін ата–ана баласы оқитын мектепке өтініш жазады. Өтінішті 15 жұмыс күн ішінде мектептің алқалы ұйымы қарайды, - деп айтты басқарма басшысы.Ата-аналар үшін сауда орындарының мекенжайлары көрсетілген жадынама әзірленді. Олар "Қамқор" логотипімен әзірленді. Бұл бағдарлама ертеңнен, яғни 18 тамыздан басталып, 31 қазанда аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, Шолпан Қадырова ата-аналардан сауда орындарындағы бір метр қашықтықты, маска режимін сақтауды, қолды антисептикпен сүртуді сұрайды.