Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Корея Республикасы коронавирус індетінен екінші азаматы қайтыс болғанын хабарлады.
Қайтыс болған әйел 54 жаста болған. Әзірге толық ақпарат жарияланбады.Кеше Корея Республикасының дәрігерлері коронавирустан көз жұмған пациенттің бар екенін растаған болатын.
Бұдан бөлек бұрын ауырмаған 50-ден астам адам жұқтырғанын 20 ақпанда Yonhap агенттігі хабарлады.