Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Үкіметтің Ульсан қаласының мэрін сайлауға қатысы бар болуы мүмкін" деген күдікпен Оңтүстік Корея прокуратурасы президент әкімшілігінің ғимаратына тінту жасады. Бұл туралы Рёнхап агенттігі хабарлады.
Сеул Орталық округінің прокуратурасы жұма күні таңертең Ульсандағы сайлауға қатысуға кінәлі болуына байланысты президент хатшысының канцеляриясын тінтіп шықты. Агенттіктің хабарлауынша, прокуратура мен оппозиция президент хатшысының канцеляриясы Ульсанның қазіргі мэрі Сон Чхоль Хоның сайлауалды уәделерін алдын ала дайындап қойды: "мэр қалада мемлекеттік аурухана соғуға уәде етті және хатшы канцеляриясы оған көмектесті" деп есептейді.Сон Чхоль Хо – Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті Мун Чжэ Иннің жақтасы және президент басқаратын Демократиялық партия атынан мэр болуға кандидатурасын ұсынған.
Сонымен қатар, прокурорларда "президент әкімшілігі 2018 жылы болған сайлау кезінде Ульсанның бұрынғы мэр Ким Ни Хенға қатысты жемқорлық айыптарын тергеуге және Сон Чхоль Хоның сайлауда жеңіске жетуіне ықпал етті" деген күдік бар.