Оқшаулау шарасы жоғары деңгейде болса, ауру екі аптадан соң күрт төмендейді

2 Сәуір 2020, 12:40
3659
Бөлісу:
Оқшаулау шарасы жоғары деңгейде болса, ауру екі аптадан соң күрт төмендейді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында халық карантин талаптарын сақтайтын болса, коронавирустың таралуы жақын арада басылады деген ойын білдірді.

Ол қазіргі карантин кезінде барлық талаптарды сақтау қажеттігін, бұл еліміздің әр азаматына қатысты екенін айты. 
Барынша көпшілікпен байланыспауға тырысыңыз. Егер өзін оқшаулау шарасы жоғары деңгейде болса екі аптадан соң ауру күрт төмендейді деп есептеп отырмыз. Сол үшін қала тұрғындары барлық талаптарды сақтайды деген үміттеміз, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол қаладағы жұқпалы ауруханада емделіп жатқан науқастардың жағдайына тоқталып өтті.
Коронавирустан жазылып шыққан 11 науқасқа ИВЛ аппаратын қолданудың қажеті болған жоқ. Дегенмен қазір жағдайы ауыр екі адам өкпе желдеткіші аппаратын пайдалануда. Науқастың бірінің өкпесінде обструктивті ауруы бар, бұл емнің ауыр жүруіне әкеп отыр. Сонымен қатар, антибитоиктерге аллергиялық әсері бар болып тұр. Екінші науқаста екі жақты пневмания. Осыған байланысты оның жағдайы ауыр деп саналады. Ал науқас баланың жағдайы қалыпты, жаплы жақсарып келеді, - деді ол. 
Тілеухан Әбілдаев сөз арасынада коронависруспен күресте алғы шебте жұмыс істеп жүрген дәрігерлер үшін жақсы жағдай жасалғанын жеткізді.
Бұл жұқпалы аурухананың дәрігерлері. Олар қауіпті тәуекелдің алғашқы санатында жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер қаламыздағы жақсы қонақүйлерге орналастырылған, тамақпен қамту да жақсы жолға қойылған. Өзге де медицина мекемелерінің дәрігерлері де сұраныс бойынша жатақханалар мен қонақүйлерге орналастырылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы