Қоғамдық бақылау туралы заң қабылдауды тапсырамын – Тоқаев

1 Қыркүйек 2020, 12:13
1721
Бөлісу:
Қоғамдық бақылау туралы заң қабылдауды тапсырамын – Тоқаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Енді жемқорлыққа апаратын фактілерді анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілерімен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес жауапқа тартылудан қорыққан шенеуніктерді дербестік бастамашылдық пен жедел әрекет етушілдік қасиеттерінен айырмауы тиіс, - деді ол. 

Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. 

Мемлекеттік органдардың квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігіне жол ашатын қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырамын, - деді ол. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.


Өзгелердің жаңалығы