Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Елорда аудандарының әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаттан тыс кеңесшілерді тағайындады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Атап айтқанда, кәсіби медиатор Ғалым Аққасов Есіл ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, кәсіпкер және белсенді тұрғын Максим Николайчук Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі, "Жанару" республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық филиалының екі өкілі, адвокаттар Азамат Рахымбеков пен Мұратбай Жупбаганбетов Алматы және Байқоңыр аудандары әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды.
Бұдан былай елорданың әр ауданында кеңесшілер тұрғындармен және әкімдікпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзара әрекеттеседі. Олар, сондай-ақ, ішкі сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтарға жайлы жағдай жасау мақсатындағы "Адалдық алаңы" жобасы аясында аудан әкімдіктерінің жұмысын үйлестіретін болады.