Оңал Бекиев Көліктегі полиция департаментінің басшысы болды

6 Қараша 2019, 11:03
4380
Бөлісу:
Оңал Бекиев Көліктегі полиция департаментінің басшысы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті әкімшілігінің мақұлдауымен Көліктегі полиция департаментінің басшысы болып полиция полковнигі Оңал Бекиев тағайындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Полиция департаментінің жаңа бастығын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. 

Оңал Ботайұлы Бекиев 1975 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бері қызмет істейді. Ішкі істер органдарында түрлі қызметтер атқарып, басшылық құрамдарда жұмыс істеген. ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары болған. Алматы облысы Полиция департаменті және Көліктегі полиция департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.


Өзгелердің жаңалығы