Нью-Йоркке тікелей рейс 2026 жылға қарай ашылуы мүмкін

21 Тамыз 2024, 16:05
421
Бөлісу:
Нью-Йоркке тікелей рейс 2026 жылға қарай ашылуы мүмкін
Фото: BAQ.KZ -архив

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстаннан Нью-Йоркке тікелей рейс қашан ашылады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ластаевтың сөзінше, «Эйр Астана» екі «Боинг» ұшағы мен екі Dreamliner ұшағын алуға келісім жасасқан. Бүгінгі таңда компания жаңа ұшақтардың келуін күтіп отыр.

Жоспарымыз бойынша келесі жылдың аяғына дейін осы ұшақтар келеді. Үлгерсек, 2025 жылы, ал егер кешіксек 2026 жылы АҚШ-қа тікелей рейс ашылмақ. Себебі, Боингтің мәселесі бәрімізге белгілі. Қазір олар жаңа ұшақты жасап үлгермей жатыр. Жалпы, Air Astana осы ұшақтарды тек өз қаражаты есебінен алуды жоспарлап отыр, - деді ол журналистердің сауалына.

Өзгелердің жаңалығы