Нью-Йорк тұрғындары жаппай көшіп жатыр

22 Шілде 2020, 18:10
3372
Бөлісу:
Нью-Йорк тұрғындары жаппай көшіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Әлем астанасы" аталып кеткен мегаполис тұрғындары мұндағы зорлық-зомбылықтан қашып, басқа жаққа кетіп жатыр.

Нью-Йорк коронавирус эпидемиясының қарқынын басты, бірақ қазір қалада жаңа мәселе өршіп тұр. Мегаполисті экономикалық дағдарыс және "нәсілдік сот төрелігі" жақтастарының талабы бойынша полиция бюджетін қысқарту шарасы аясында болып жатқан түрлі қиратулар мен адам өлтіру фактілері алқымнан ала бастады деп жазды "Der Spiegel" газеті. 

Маусым айында 205 атыс тіркелді, бұл 2019 жылдың осы айына қарағанда 130-ға көп. Маусым айында кісі өлтіру құрбандарының саны өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 30 пайызға (39 фактіге дейін) өсті. Ал 4 шілде күні Америка Тәуелсіздігі күнін атап өтетін мерекелік демалыс басталды: 64 атыс, 11 адам қаза болды, оның төртеуі бір күнде көз жұмды.

"Der Spiegel" Нью-Йоркті қанды статистикаға әкелген бірнеше фактордың тізімін жасады:

• Мамыр айында Нью-Йорктің 671 мыңнан астам тұрғыны жұмысынан айырылды, соңғы айда қаладағы жұмыссыздық деңгейі 18,3 пайызды құрады. Соңғы рет мұндай сандар 2008 жылғы жаһандық экономикалық дағдарыс кезеңінде байқалған болатын.

• Райкерс қалалық түрмесінің 2,5 мың тұтқыны мерзімінен бұрын босатылды, себебі онда коронавирустың өршуі болды. Тұтқындардың көпшілігі қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыпталған еді.

• Мыңдаған құқық қорғаушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Кейде ауруханада жеті мыңнан астам Нью-Йорк полицейі болған. Штатта барлығы 38 мың қызметкер бар. Сондай-ақ, полиция бөліміндегілер қалада болып жатқан наразылықтар қылмыс мәселелерін қарауға кедергі келтіруде. 

Сондай-ақ, Нью-Йорк билігі 30 маусымда Полиция департаментін қаржыландыруды шамамен бір миллиард долларға немесе бюджеттің алтыншы бөлігіне қысқартты.

Оның үстіне билік жоспардағы 1160-қа жуық қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы шешімді тоқтатты және полицияны заңсыз саудаға, көшедегі үйсіздерге және мектептердегі қауіпсіздікке мониторинг жүргізу сияқты қызметтерден айырды.

Бұл ретте Нью-Йорк тұрғындары Америка Құрама Штаттарының өзге қалаларына қарағанда жылдам қарқынмен көшіп жатыр. Негізінен бұл енді басталған үрдіс емес: штаттың халқы төртінші жыл қатарынан азайып барады.

2018 жылы "New York Post" газеті халық санағына сілтеме жасай отырып, орта таптың өкілдері Нью-Йорктен "ұлы депрессия" заманынан байқалмаған ауқымда кетіп жатқанын хабарлады. NYP мұны салықтың артуымен, тұруға кететін шығындардың ұлғаюымен және түрлі технологиялық шешімдердің енгізілуіне байланысты жалақының азаюымен байланыстырады.

2019 жылы штат тұрғындарының саны 76 мың адамға қысқарды, шамамен 0,4 пайызға және бұл АҚШ-тағы барлық штат арасындағы ең үлкен қысқарту.

Өзгелердің жаңалығы