Нью-Йорк маңындағы судан полиомиелит вирусы анықталды

2 Тамыз 2022, 21:27
1872
Бөлісу:
Нью-Йорк маңындағы судан полиомиелит вирусы анықталды

 Нью-Йорк қаласының маңындағы ағын суда полиомиелит вирусы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Зерттеулердің нәтижесінде вирустың штамы Израильде табылған штаммен сәйкес келетіні белгілі болды. Денсаулық сақтау саласының мамандары індеттің тез таралуы мүмкін екенін ескертіп, балалар мен ересектерді шұғыл вакцина салдыруға шақырады. 

Нью-Йорк билігі екпе егу орталықтарын ашып жатыр. Ал өткен айда Рокленд  округінің тұрғыны полиомиелит вирусын жұқтырған еді. 

Естеріңізге салайық, полиомиелит адамның жұлынын зақымдайтын инфекция. Көп жағдайда балаларға қауіпті. Ауру жөтел мен түшкіру және азық-түлік пен су арқылы жұғуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы