Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Бөлісу:
 Ұлттық олимпиадалық комитет
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазіргі таңда нысана көздеуден Үндістанның Нью-Дели қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан құрамасы қазірге дейін аталған жарыста 5 медаль жеңіп алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Валерий Рахымжан пневматикалық тапаншамен 10 метрге оқ атуда күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ отандастарымыз пневматикалық винтовкамен 10 метрге оқ атудан командалық сайыста екінші орын алды. Құрама сапында Никита Шахторин, Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев өнер көрсетті.

Одан бөлек, Қазақстан құрамасы ерлер арасында пневматикалық тапаншамен 10 метрге оқ атуда қола медальға ие болды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.

Сонымен қатар ерлер құрамасы шағын калибрлі тапашадан 25 метрге оқ атуда үшінші орынға жайғасты. Бұл жолы команда сапында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков өнер көрсетті.

Әйелдер құрамасы да пневматикалық винтовкамен 10 метрге оқ атуда қола медальға ие болды. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Елизавета Безрукова, София Шульженко, Арина Малиновская көтерілді.

Өзгелердің жаңалығы