Нығматулиннің ұлы қылмыстық іс бойынша айыпталды. Прокуратура жаңа мәлімет айтты

18 Шілде 2022, 11:36
1559
Бөлісу:
Нығматулиннің ұлы қылмыстық іс бойынша айыпталды. Прокуратура жаңа мәлімет айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Қылмыстық іс бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов айыпталушы болды.

Бас прокуратура жаңа мәліметтерді жариялады.

Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты 697 миллион теңге көлеміндегі монополиялық кіріске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 15 шілдеде Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы қылмыстық іс бойынша айыпталғаны белгілі болды.

Бұған дейін, сәуірдің 5-і күні антимонополистер ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бірі – аммофосқа айтарлықтай және негізсіз қымбаттау фактісі бойынша «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Осыдан кейін ҚазТАГ редакциясы «Қазфосфат» ЖШС-нің ауылшаруашылық тыңайтқыштарының қымбаттауынан пайда көргендер Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары - Нұрхан мен Нұржан Нұрлановтар екенін анықтады. Монополияға қарсы әрекет етушілер бұл тергеу бойынша материалды қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына тапсырды.

14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «Қазфосфаттың» заңсыз кірісі туралы айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы