Нығматулин: Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы – әрбір адамға рухани күш-жігер береді

13 Сәуір 2021, 09:52
1513
Бөлісу:
Нығматулин: Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы – әрбір адамға рухани күш-жігер береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жақсылықтың жаршысы атанған Рамазан айының басталуымен барша қазақстандықтарды  құттықтады.

Барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы - кең пейілдің, береке-бірліктің және ізгіліктің, ынтымақ пен мейрімділіктің көрінісі. Шарапаты мен шапағаты мол ай халықты жанашыр болуға, қайымдылық жасап, бір-біріне көмектесуге шақырады. Осы берекесі мен бірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, барлық дұға-тілектеріңіз және ықыласпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын,- деді Нұрлан Нығматулин. 

Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы барлық қазақстандықтарды біріктіре түсетін осындай қасиетті айда әрбір азаматқа рухани күш-жігер, әрбір отбасына бақ-береке, амандық елімізге тыныштық және өркениет тіледі.

Өзгелердің жаңалығы