Нұржігітов: Бұл күн – еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды мереке

28 Тамыз 2022, 09:09
1557
Бөлісу:
Нұржігітов: Бұл күн – еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды мереке

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Баласағұн» орталық концерт залында өткен шарада аймақ басшысы жамбылдықтарды мерекемен құттықтады.

Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Конституция қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Тұрақтылық – ел экономикасы дамуының басты факторы. Бүгінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция сақталып, индустрияландыру, аграрлық сектор мен әлеуметтік салада тұрақты жағдай қалыптасып отыр. Бұл күн – еліміздің әрбір азаматы үшін ең маңызды және басты мерекелердің бірі. Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды. Қасиетті Әулиеата жерінің тұрғындары да  демократия мен гуманизм принциптерін жүзеге асырудың кепілі болып табылатын Конституцияның жарқын болашағына сеніммен қарайды. Барша жамбылдықтарды Конституция күнімен құттықтай отырып, ел игілігіне бағдарланған істеріңіздің жемісті болуын тілеймін! Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз мәңгілік болсын, – деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан соң облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін және 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай бірқатар азаматтар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

Өзгелердің жаңалығы