Нұржан Әлтаевтың мәселесі жеке қаралады – ОСК

12 Қазан 2022, 10:18
1634
Бөлісу:
Нұржан Әлтаевтың мәселесі жеке қаралады – ОСК

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының қорытынды отырысынан соң өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистің «Алғашында Нұржан Әлтаевтың құжаттары бұрмаланды деген күдік тағылған еді. Үміткердің құжаттары қабылданды ма? Бұл мәселе қалай шешілді?» деген сұрағына Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман  былай деп жауап берді.

Кеше Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев мырза лингвистикалық комиссияның конкурсына қатысып, мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Нәтижесінде мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеді. Бұл кандидаттың мәселесі жеке отырыста қаралатын болады, - деді.

Нұрман Бауыржанұлы Әлтаев - Парламент Мәжілісінің депутаты, El Tiregi Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы басқармасының төрағасы, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының экс-вице-министрі. Нұржан Әлтаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 2022 жылдың 20 қарашасында болатын кезектен тыс сайлауға Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарды ұсыну тоқтатылғаны туралы айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы