Нұртөре Жүсіп Арменияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

15 Мамыр 2024, 19:37
402
Бөлісу:
Нұртөре Жүсіп Арменияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор өз сөзінде Қазақстан мен Арменияның екіжақты түрдегі де, бірқатар интеграциялық бірлестіктер аясындағы да өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті.

Парламентаралық әріптестік екіжақты ынтымақтастықтың жалпы процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан мен Армения Парламенттеріндегі парламентаралық достық топтары бойынша қарқынды қадамдар жүзеге асуда. Біздің парламентшілер ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеялары, сондай-ақ Парламентаралық Одақ аясында да көпжақты сипатта тығыз байланыста жұмыс істеп келеді, - деді Нұртөре Жүсіп.

Тараптар сонымен қатар туристік, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Армен Гевондян өз кезегінде Армения Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға белсенді ықпал етуге дайын екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы