Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен олимпиада жолдамасына ие болды

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Сербия астанасы Белград қаласында мәресіне жеткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 Қыркүйек 2023 2023, 08:33
АВТОР
 instagram.com/qaz_olympics 25 Қыркүйек 2023 2023, 08:33
25 Қыркүйек 2023 2023, 08:33
1648
Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Сербия астанасы Белград қаласында мәресіне жеткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы жарыс күні бозкілемге шыққан грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) әзірбайжандық палуан Ислам Аббасовты мерзімінен бұрын жығып, Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті.

Еске сала кетейік, 32 жастағы Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына 2021 жылы Азия құрлығындағы іріктеу турнирінде жолдама алып, барған.

Қорыта айтар болсақ, Қазақстан құрамасы Белградағы бәсекеде 1 алтын, 2 қола медаль және 2 Олимпиада лицензиясына қол жеткізді. Бұл Ұлттық құрама палуандары үшін тарихи нәтиже.

Наверх