Нұрқанат Серікбаев (60 келіге дейін) Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан дзюдодан Үлкен Дулыға турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз шешуші белдесуде моңғолиялық Энхтайвани Ариунболдты 1 минуттың ішінде таза ұтты.
Нұрқанат Серікбаев іріктеуді В тобында бастап моңғолиялық Цогт-Очир Бьямбаджавты, оңтүстік кореялық Вон Джин Кимді, сосын әзірбайжандық Назир Талибовты ұтып, топтан шықты. Ал жартылай финалда украиналық Дильшот Халматовқа есе жіберді.
Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Шерзод Давлатов 7-орын алды.
Айта кетейік, Үлкен Дулыға турнирінде қола медаль алған дзюдошы рейтингте 500 балға ие болады. Бұл ұпайлар Париж Олимпиадасына іріктеуде есепке алынады.