Нұрмұхамед Байғара жаңа қызметке тағайындалды

16 Тамыз 2022, 16:37
1624
Бөлісу:
Нұрмұхамед Байғара жаңа қызметке тағайындалды

Саясаттанушы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара  Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін Нұрмұхамед Байғара Аiqyn газетінің бас редакторы болды. AMANAT партиясының Саяси жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сондай-ақ «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламаларды эфирге шығарып, саяси ток-шоуларды тізгіндеген тележүргізуші ретінде көрерменге жақсы танылған.

Кейіннен республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды.

Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған

Өзгелердің жаңалығы