Нурмагомедов келесі жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойды

26 Қараша 2019, 11:45
2252
Бөлісу:
Нурмагомедов келесі жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды, деп жазды Prosports.kz.

Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абделазиз өзінің Instagram парақшасында жекпе-жектің өтетін күні (2020 ж. 18 сәуір) және қарсыласының (Тони Фергюсон) аты көрсетілген келісімшарттың фотосуретін жариялады.

Шартқа Нурмагомедов 25 қарашада қол қойған.

Өзгелердің жаңалығы