Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қамалиев атағандай, автожол саласын дамыту үшін инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы әзірленгенін айтты.
«Нұрлы жол» бағдарламасы биылдан бастап «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына айналады. 2020 жылға дейін республикалық маызы бар жолдардың 13 мың шақырымы қайта жөнделді, - деді ол.
Қамалиевтің айтуынша, жергілікті жолдардың 25 мың шақырымына жөндеу жүргізіледі.
Жалпы Ұлттық жобаға сәйкес республикалық маңызы бар жолдардың 12 мың шақырымын құрылыс және қайта жөндеумен, 11 шақырымын жөндеумен қамту көзделіп отыр. Жергілікті жолдардың 25 мың шақырымын жөндеу жоспарланған, - деді ол.