Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған үш жыл ішінде Ақмола облысында 2 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. 17 мыңнан астам ақмолалық отбасы баспанаға қол жеткізді. Бұл туралы Ақмола облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Искакова мәлімдеді.
2020 жылы бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 11 585 млн теңге қарастырылды. Биыл жоспарланған 570 мың шаршы метр тұрғын үйдің 5 мыңы, бұл шамамен 5 мың пәтер. 11 айдың қорытындысы бойынша 504,54 мың шаршы метр немесе 4 100 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Мемлекеттік инвестициялар есебінен облыста «Нұрлы жер», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары бойынша 50 көппәтерлі тұрғын үй салынуда. Қолжетімді тұрғын үй құрылысымен облыстың 14 ауданы, сондай-ақ Көкшетау, Степногорск қалалары қамтылған. Жалға берілетін тұрғын үйді іске қосу да қарқын алуда. 2020 жылы республикалық бюджеттен 2 889 млн теңге, облыстық бюджеттен 1 183 млн теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді. Ағымдағы жылы облыста 11 жалға берілетін үйді (501 пәтер) пайдалануға беру жоспарланған, - деді Елена Искакова.Өткен жылдың 11 айында 18 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй (300 пәтер) пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 21 085 адам тұр.
Ақмолалықтар «7-20-25» бағдарламасына белсенді қатысуды жалғастыруда. Осы ретте 8,6 млрд теңгеге 946 өтінім мақұлданды.
Ол жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік инфрақұрылым құрылысының оң динамикасын атап өтті. 2018-2019 жылдары 1368 жер учаскесі инженерлік желілермен қамтамасыз етілді, оның ішінде 957 жеке тұрғын үй құрылысына берілді.
Ағымдағы жылы Ақкөл ауданы мен Көкшетау қаласында қосымша 661 жер учаскесін сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз ету жоспарлануда (Көкшетау қаласында 299 учаске, Ақкөл ауданында 362 учаске). 2022 жылға дейін облыстың сегіз өңірінде (Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Зеренді, Бурабай, Шортанды аудандарында, Көкшетау, Степногорск қалаларында) 5820 жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етіледі, - деп түсіндірді Елена Искакова.