«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша Екібастұзға тағы 37 отбасы көшті

29 Тамыз 2019, 21:03
3258
Бөлісу:
«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша Екібастұзға тағы 37 отбасы көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұз қаласына тағы 37 отбасы көшті, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.   

«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы шеңберінде Екібастұзда 5 қабатты бірнеше тұрғын үй салынды. Оның 3 бөлмелі 122 және 2 бөлмелі 100 пәтері елордадан көшіп барған тұрғын үй кезегіндегі отбасыларға арналған. 

Пәтерді жалдау ақысы айына шаршы метріне 99 теңгені ( 7722 теңгеден 8000 теңгеге дейін) құрайды. 

«Қазір 2 бөлмелі пәтерге отбасымен көшуге ниетті отбасылардың өтінімдері қабылданып жатыр. Бағдарлама қатысушыларына тұрақты жұмыс, ал балаларына балабақша мен мектептен тегін орын ұсынылады. Сондай-ақ, қайтарымсыз негізде мектеп формасы, оқу құралдары және тегін тамақ, жол жүру билеті беріледі. Соңғысын ата-аналарының бірі де ала алады», - делінген таратылған хабарламада

Жекешелендіру мәселесіне келсек, Павлодар облысы әкімдігі өкілдерінің сөзінше, бұл мәселе жалдамалы пәтерже 5 жыл бойы тұрған соң шешіледі. 

Осы уақытқа дейін Екібастұзға 169 отбасы немесе 996 адам көшіп кетті, оның 319-ы еңбекке жарамды адам және 667-сі бала. 

«Нұрлы Ертіс» бағдарламасына қатысып, Екібастұз қаласына көшіп бару үшін келесі құжаттар керек: 

1) Тұрғын үй қорына тиісті құжаттармен бірге ( жеке куәліктің көшірмесі, жоғары немесе кәсіптік-техникалық білімін растайтын құжаттың көшірмесі, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмесі, тұрғын үй кезегіне тұру туралы құжаттың көшірмесі, ҚР аумағында тұрғын үйінің жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі) өтініш беру. 

2) Өтінім Тұрғын үй қорының қызметкерлерімен жиналып, кейін Екібастұз қаласының әкімдігімен қаралады. 

3) Өтінім мақұлданған жағдайда Екібастұз қаласы әкімдігінің қызметкерлері өтініш берушімен хабарласып, көшу күнін белгілейді. 

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі көпбалалы отбасылар мен олардың дүние мүлкін көшіру үшін арнайы көліктер бөлінеді (2 фура, 3 автобус). 

Өтінімдер Тұрғын үй қорының кеңсесінде (Қошқарбаев көшесі, 39 үй) қабылданады. Осы мәселеге қатысты консультацияны Жұмыспен қамту орталығында (Бейбітшілік көшесі, 25 мекен-жайы бойынша) алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы