Нұрлан Сабуровты Степногорск әкімі етіп тағайындауға қатысты облыс басшысы жауап берді

18 Маусым 2021, 14:10
3626
Бөлісу:
Нұрлан Сабуровты Степногорск әкімі етіп тағайындауға қатысты облыс басшысы жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ресейде жүрген стендап жанрының әзілкеші Нұрлан Сабуровты Степногорск қаласының әкімі етіп тағайындау жайлы халықтың ұсынысына Ақмола облысының әкімі жауап берді.

Ақмола облысы Степногорск қаласының жанынан қауіпті өндіріс қалдығын өртейтін зауыт салуға халықтың басым бөлігі қарсы шыққан еді. Бұған әзілкеш Нұрлан Сабуров та үн қосқан.

Осыдан кейін халық Нұрлан Сабуровты Степногорск қаласының әкімі етіп тағайындау жайлы ұсыныс айтқан. Осыған қатысты Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пікір білдірді.

Біздің танымал жерлесіміз өзінің кішкентай Отанына құрметпен қарап, мәселелерге бей-жай қарамай, алаңдап жүр. Бірақ тіпті гипотетикалық тұрғыда ойласақ, Нұрлан жайлы бұл ұсынысты, бәлкім, қарар ма едік. Бірақ бірнеше мәселенің барын айтайын. Біріншіден, мемлекеттік қызмет туралы заң бар екенін еске салғым келеді, онда қала әкімдері мен облыстық маңызы бар әкімдерге қойылатын белгілі бір біліктілік талаптары қарастырылған. Әкім деген саяси қызметкер. Ал Нұрланның белсенді позициясы үшін көп рахмет. Ол әрдайым Степногорск тұрғындарына көмектеседі, - деді әкім.

Сондай-ақ аймақ басшысы Степногорск қаласының тұрғындарының өндірістік қалдықтарды шығаратын кәсіпорын салуға көмек сұрап, Нұрлан Сабуровқа жолдаған үндеуіне түсініктеме берді.

 Ермек Маржықпаев «мәселені шешуде белгілі жерлесімізге рөл беру дұрыс емес» деп атап өтті.

Иә, шынымен де, бұл мәселе үлкен резонанс тудырды. Алайда бұл шаруада біздің танымал жерлесімізге қандай да бір үлкен рөл беру дұрыс емес. Себебі бұл бір күнде ғана шешіле салған шаруа емес. Оны бірден шешу мүмкін де емес. Бұрын 2019 жылы БҰҰ-ның жаһандық экологиялық қоры Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, өндірістік улы қалдықтарды шығаратын зауыт салуға шешім қабылдады, содан кейін тендерді Степногорск қаласының компаниясы жеңіп алды. Степногорск қаласына былтыр Қарағанды облысындағы стансалардан қалдықтар жеткізіле бастады. Бүгін сол қалдықтар аталған компанияда сақтаулы, - дейді Ермек Маржықпаев.

Ол сол компания зауыт құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын шығара бастағанын айтты.  

Бірақ 14 маусымда қоғамдық тыңдау болды. Сарапшыларымыздың көбі табиғатты қорғауға бағытталған заңның бірнеше бабы бұзылып тұрғанын алға тартты. Геологиялық барлау, топырақты зерттеудің жоқтығынан бастап, онда әскери нысан болғандықтан, бұл зауыт меніңше, енді салынбайды. Жауап 7 күнде, яғни 22-23 маусымда беріледі, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы