Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамынан шығарылды

1 Наурыз 2022, 11:12
1543
Бөлісу:
Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамынан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезі кезінде айтылды.

Съезд кезінде Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов атап өткендей, партия Жарғысының 9.1.1. тармағына сәйкес, саяси кеңестің құрамына өзгерістер енгізу тек қана партия съезінің құзыретіне кіреді.

Сіздердің қарауларыңызға партия саяси кеңесінің құрамынан партия мүшелері Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Ниғматулинді шығару және олардың орнынан партияның келесі мүшелерін енгізу ұсынылады: Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, «Астана» медицина университетінің ректоры Қамалжан Надыров, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин, - деді Асхат Оралов онлайн съезде. 

Саяси кеңес құрамынан бұрынғы мүшелерді шығарып, жаңа мүшелерді енгізу мәселесі бойынша дауыс беру жүргізілді.

Съезд жұмысы кезінде ұсынысты делегаттар бірауыздан қолдады.

Өзгелердің жаңалығы